Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларын бекіту туралы
Солтүстік Қазақстан облысы Петропавл қалалық мәслихатының 2013 жылғы 27 желтоқсандағы № 6 шешімі
(2023.13.05. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)
Солтүстік Қазақстан облысы Петропавл қалалық мәслихатының 2023 жылғы 24 қарашадағы № 2 шешімімен күші жойылды
Солтүстік Қазақстан облысы Петропавл қалалық мәслихатының 2020.16.10. № 4 шешімімен тақырыбы жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 6-бабы 2-тармағы 2-3 тармақшаларына, «Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың үлгілік қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 21 мамырдағы № 504 қаулысына сәйкес, Петропавл қалалық мәслихаты ШЕШТІ:
1. Қоса беріліп отырған Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидасы бекітілсін.